Рамазан айында Джидда әуежайы арқылы келген әр қажыға ерекше сый-сияпат бар.
Сауд Арабиясы Қажы және ұмра министрлігі Рамазан айында ұмра қажылығын өтеген әрбір адамға гүл сыйлайтын арнайы шатыр тікті.
Бұдан бөлек, қажыларға ауызашар үшін құрма, жеміс-жидектер мен өзге де сыйлықтар бар. Игі бастама қасиетті айдың соңына дейін жалғасады.
Айта кету керек, Джидда әуежайына әр 8 сағат сайын 4-5 мың қажы келіп түседі.
ummet.kz-ақпарат