19
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Өзгенің вай-файын ұрлау – халал емес

Жаһан
Жарнама

Бұған дейінгі ақпараттарымызда Біріккен араб әмірлігі Дубай Ислам істері мен қайырымдылық қызметі департаментінің (IACAD)  сымсыз интернет желісін иесінің рұқсатынсыз қолдануға тыйым салу туралы пәтуа шығарғанын жариялаған едік.

Таяуда Сауд Арабиясының Әли әл-Хаками бастаған дін ғалымдары да осы тақырыпқа қатысты шешім шығарды. Ғалымдардың пікірінше, Wi-Fi желісін иесінің рұқсатынсыз немесе паролын бұзып кіру шариғат бойынша тыйым салынады.

Wi-Fi желісін жалпы халықтың тұтынуы үшін ашық қойылатын сауда орындары, бақ, мейманхана секілді қоғамдық орындарға ғана ешкімнен рұқсатын сұрамай қолдануға болады.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: