19
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Өзбекстан өз желісін іске қосты

Жаһан
Жарнама

Ташкент өзінің жаңа әлеуметтік Davra желісінің тұсаукесерін жасады. Мағынасы «Қоршаған орта, айнала» деген мағынаны береді. Бұл туралы жергілікті БАҚ беттерінде кеше жарияланды.

Жаңа желі 1 маусымнан бастап іске қосылған. Аталмыш желіні ойлап тапқан Uzinfocom орталығына Өзбекстанның Ақпараттық технологиялар мен байланысты дамыту министрлігі қол ұшын созған.

ID сервисі арқылы желіге қосылуға болады. Интерфейс өзбек және орыс тілдерінде. Қазіргі уақытта сайттың мобильді гаджеттік нұсқасы да әзірленген. Желі жарыққа шыққан кезде 2800 қолданушы тіркелді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: