24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Google кешірім сұрады

Жаһан
Жарнама

Google америкалық интернет жүйесінің операторы «мұсылмандар терроризм туралы хабарлайды» сөз тіркесінің орнына «мұсылмандар терроризмді қолдайды» деген сөзді ұсынған ағылшын тіліндегі сөз іздеу жүйесінде кеткен қателіктері үшін мұсылмандардан кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Google мамандары іздеу алгоритміне тиісті өзгерістерді енгізді. Енді мұндай сөз іздеу кезінде исламофобиялық сөз тіркестерін ұсынбайтын болады, деп жазады Russia Today.

Еске сала кетсек, мұсылман халқының ар-намысына тиген сөз тіркестерін америкалық блогер Хинд Макки мақала жазу барысында байқаған болатын. Осыған байланысты жарияланған Маккидің мәлімдемесіне әлемдік БАҚ назарын аударып, Google өз қателігі үшін кешірім сұрады.

Google техникалық қолдау парақшасында ізделінген сөзге ұқсас тіркестер беру адамдардың қатысуынсыз, автоматты түрде жасалатыны көрсетілген. Сол себепті IT мамандары жүйеде кеткен қателіктер мен кемшіліктерді жөндеп, тиісті түзетулер енгізуге әзір екендіктерін айтты. 

 ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: