24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Грузия мұсылмандарына 79 мешіт қайтарылды

Жаһан
Жарнама

Грузияда 2014 жылдың басынан мұсылман қауымына 79 мешіт қайтарылған. Осындай мәліметтерді Грузияның Дін мәселелері жөніндегі мемлекеттік агенттігінің басшысы Заза Вашахмадзе хабарлады.

2015 жылы ел мұсылмандарына 2 млн 200 мың лари қаржы бөлінген. Бұл қаражат дін қызметкерлерінің айлығы мен діни қызметке, діни ғимараттарды қалпына келтіруге, діни бірлестіктердің тұрмыстық қажеттіліктеріне, мәдени және қайырымдылық шараларына бағытталды.

Заза Вашахмадзе министрлікпен жасалған меморандум туралы айта келе, түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен дін өкілдерінің кездесу өткізуіне жағдай жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ, олардың діни рәсімдерге қатысуына да мүмкіндік берілмек. Жоба аясында түрме кітапханаларына діни әдебиеттер таратылады. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: