09
Сенбі,
Қараша

һижри

Әсте... ешкім құтыла алмайды

Ғибратнама
Жарнама

Дәуіт (ғ.с.) пайғамбардың өте беделді уәзірі болған көрінеді. Пайғамбар дүние салған соң, уәзір Дәуіттің ұлы Сүлеймен (ғ.с.) патшаның да жанында қызметте болыпты. Бір күні Сүлеймен (ғ.с.) сәске уақытында уәзірімен бірге отырады. Кенет бір кісі Пайғамбарға (ғ.с.) сәлем беріп құзырына кіреді.

Бейтаныс кісі Сүлейменмен (ғ.с.) әңгімелесе бастады. Қонақ әңгіме үстінде уәзірге тесіліп қайта-қайта қарай береді. Уәзір болса бейтаныс адамның ерекше сұсты назарынан қорқа түседі.

Қонақ кеткен соң уәзір: «Уа, Алланың пайғамбары! Сіздің құзырыңыздан шыққан жаңағы кісі кім? Уаллаһи, оның көзқарасы мені шошытты», - дейді. Сүлеймен (ғ.с.): «Ол – өлім періштесі, менің құзырыма кіргенде адам бейнесіне енеді», - дейді. Мұны естіген уәзір қорқып көзіне жас алады да: «Уа, Алланың пайғамбары! Алланың атымен өтінемін, желге әмір беріңіз, мені ең алыс жерге алып ұшсын», - дейді. Пайғамбар (ғ.с.) уәзірдің өтінішін орындайды.

Ертеңгі күні өлім періштесі әдеттегідей сәлемін беріп Сүлеймен (ғ.с.) пайғамбардың құзырына кіреді. Пайғамбар (ғ.с.) оған: «Кеше менің жолдасымды қатты қорқыттың, оған неге сонша қатты сұстанып қарадың?» - дейді.

Сонда өлім періштесі: «Уа, Алланың пайғамбары! Кеше сәске уақытында сізге кірдім. Алла тағала оның жанын түстен кейін үнді жерінде алуды әмір еткен еді, сіздің алдыңызда тұрғанын көріп қатты таң қалдым», - деп себебін түсіндірді. Пайғамбар (ғ.с.): «Сен не істедің?» - дейді. Өлім періштесі: «Алла әмір еткен жерге бардым, ол мені белгіленген жерде күтіп тұрған екен, жанын алдым», - дейді.

Иә, Құранда: «(Мұхаммед (ғ.с.) оларға: Расында сендер қашқан өлім, әрине ол сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуді Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді,-деп айт», («Жұма» сүресі, 8-аят) - деп барша тіршілікке ескертуде.

Ибраһим мен Мұса (ғ.с.) пайғамбарлардың дәуірінде жер бетін билеп-төстеп, өздерін құдай санаған патшалар қазір қайда? Қазынасы алтынға толтырылған, қоймасының кілттерінің өзін бірнеше алып адам әрең көтеретін Қарун байлар қайда? Демек, өлім әрбір тірі жанның маңдайында бар. Әсте өлімнен ешкім құтыла алмайды...

Бөлісу: