14
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Құрбақаның қағидасы

Ғибратнама
Жарнама

Құрбақаны ыстық суға лақтырса, не болады? «Бұл жерден дереу кетуім керек» деп құрбақа жылдам шешім қабылдайды да тездетіп судан тысқары секіріп кетеді.

Ал егер дәл осы құрбақаны салқын суға салып, астынан баяу от қойса ше? Құрбақа әлсірей бастайды. Судың жылуын сезе бастаған құрбақа: «Маған кішкене жылулық артық етпес, жылына тұрайын» деп ойлап, рахаттанып жата береді. Мұның соңы сумен бірге қайнап, құрбақаның пісіп кетуіне әкеледі.

Ақиқатында, бұл өмірде барлығы кішігірім нәрседен басталып, жинала береді. Қарыздар, күнәлар, артық салмақ, денсаулықтың нашарлауы, білім, ауқаттылық. Күнделікті ұсақ-түйекті жете бағаламауға болмайды. Адам заты дүниенің алма-кезек екендігін әсте естен шығармаған абзал.

Бөлісу: