25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шынайы тәубені үнемі кейінге қалдыру мәселесі

Шынайы тәубені үнемі кейінге қалдыру мәселесі

Ғибратнама
Жарнама

Тігінші салих бір адамнан:

«Расулулланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Алла Тағала, қулының тәубесін жаны алқымына тығылмайынша қабыл алады» (Тирмизи, Дәауат, 98) хадисі хақында не айтасыз?» - деп сұрайды:

Ол сонда былай сұрайды:

– Иә, солай. Сенің мамандығың не?

– Тігіншімін, киім тігемін.

– Тігіншілікте ең оңай нәрсе не?

– Қайшыны алып матаны кесу.

– Бұл жұмыспен неше жылдан бері айналысып жүрсің?

– Отыз жылдан бері.

–Жаның алқымыңа келген кезде, мата кесе аласың ба?

– Жоқ, кесе алмаймын.

– Ей, тігінші! Біз аз уақыт қиналып, үйреніп, отыз жыл істеген ісіңді сол кезде істей алмасаң, өміріңде еш істемеген тәубені қалай істейсің? Қазір күшің жетіп тұрғанда тәубе ет! Әйтпесе, ақтық демде истиғфар мен иманмен жан тапсыру нәсіп болмауы мүмкін...

Сен ешқашан: «Өлім келмей тұрып тәубе өтуге асығыңдар! (Мүнауи, Фәйзул-Қадир, V, 65) - деген сөзді естіген жоқсың ба?»

Сонда тігінші ықыласпен тәубе етіп, салихтардың қатарына қосылды.

Осы қиссадан байқағанымыздай, пенденің алдында мың түрлі дүние мен нәпсінің орлары бар, осылардың ең қауіптісі – шынайы тәубені үнемі кейінге қалдыру. Негізінде, тәубені ұстану – барлық өміріміздің құтқарушысы. Сондай-ақ Расулулла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларына «ең үлкен ауру – күнә, дәрісі түн қараңғылығында истиғфар» (Дәйлами, Мүснәд, I, 136) екендігін айтқан.

Өйткені Аллаға бет бұрып, жүректің жоғары бір мәртебеге жетуінде маңызды орынға ие болған истиғфар рухани кірлерден тазарудың бірден-бір жолы. Қабыл болуға лайық тәубе, пенде мен Раб арасындағы кедергілер мен перделерді жояды, салих амал үшін бұл жағдай өте маңызды. Өйткені, мақсатқа жетуге кедергі болған жайттарды жойып, осылайша көңілді негізгі мақсатқа әзірлеу керек. Сондықтан, рухани кемелдік үшін барлық тасаввуф жолдарында таңсәрідегі зікір истиғфармен басталады.

материал «Ақтық дем» (Осман Нури Топаш) кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: