26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құранды жеңіл және тез жаттау тәсілі

Мақалалар
Жарнама

Алла Тағала Құран Кәрімде  «Қамар» сүресінің 17-ші аятында былай дейді:

وَلَقَدْ يَسَّرْنَا الْقُرْآنَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ

 «Расында, Біз Құранды )адамдар ( оған ой жүгіртсін һәм  ғибрат алсын деп   )адам баласының тілінде түсіру арқылы) жеңілдеттік. Олай болса, қане, оған ой жүгіртіп, ғибрат алатын жан бар ма?».

Құран Кәрімді оқу арқылы ақыл иелері Алланың аяттарынан үгіт алса, маңайындағы мүлтіксіз шеберлікпен аса көркем түрде жаратылған, Жаратушының құдіретін паш етіп тұрған жаратылыстан Оның құдіретін таниды. Алланың кітабын оқудың өзі – зікір, яғни оны еске алу. Оны оқыған адамның санасы мен жүрегі нұрланады және тағы бір ерекшелігі оқыған сайын оқығың келе береді. Ардақты Алла Елшісінің (с.ғ.с.) хадисінде «Құран оқыңдар, өйткені ол Қиямет күні өзін оқығандарға шапағатшы болып келеді», - дейді. Сондай-ақ, басқа бір хадисте «Ішінде Құраннан ештеңе болмаған адам құлаған үй тәріздес» делінеді.

Әрбір мұсылманға оқу және зерттеу уәжіп болған Алланың сөзі Құран Кәрімнен шамасы жеткен жерлерін жаттау өз алдына бөлек сауап әрі ғибадат. Себебі хадисте «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйренгендерің және үйреткендерің» дейді.

Құран Кәрімді жеңіл жаттаудың жолдары көп. Соның ішінде ең жеңіл әрі тез жаттау тәсілін «Жұма» сүресінің мысалымен келтірейік:

  1. يُسَبِّحُ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ الْمَلِكِ الْقُدُّوسِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ

«Жұма» сүресінің 1-ші аятын 20 рет оқу керек.

  1. هُوَ الَّذِي بَعَثَ فِي الْأُمِّيِّينَ رَسُولًا مِّنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِهِ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ

الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَإِن كَانُوا مِن قَبْلُ لَفِي ضَلَالٍ مُّبِينٍ

«Жұма» сүресінің 2-ші аятын 20 рет оқу керек.

  1. وَآخَرِينَ مِنْهُمْ لَمَّا يَلْحَقُوا بِهِمْ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ

          «Жұма» сүресінің 3-ші аятын 20 рет оқу керек.

  1. ذَلِكَ فَضْلُ اللَّهِ يُؤْتِيهِ مَن يَشَاء وَاللَّهُ ذُو الْفَضْلِ الْعَظِيمِ

         «Жұма» сүресінің 4-ші аятын 20 рет оқу керек.

  1. «Жұма» сүресінің 1-ші аятынан бастап 4-ші аятқа дейін 20 рет қосып оқу керек.
  2. مَثَلُ الَّذِينَ حُمِّلُوا التَّوْرَاةَ ثُمَّ لَمْ يَحْمِلُوهَا كَمَثَلِ الْحِمَارِ يَحْمِلُ أَسْفَارًا بِئْسَ مَثَلُ

الْقَوْمِ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِ اللَّهِ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ

«Жұма» сүресінің 5-ші аятын 20 рет оқу керек.

  1. قُلْ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ هَادُوا إِن زَعَمْتُمْ أَنَّكُمْ أَوْلِيَاء لِلَّهِ مِن دُونِ النَّاسِ فَتَمَنَّوُا

الْمَوْتَ إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ

«Жұма» сүресінің  6-шы аятын 20 рет оқу керек.

  1. وَلَا يَتَمَنَّوْنَهُ أَبَدًا بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ

«Жұма» сүресінің  7-ші аятын 20 рет оқу керек.

  1. قُلْ إِنَّ الْمَوْتَ الَّذِي تَفِرُّونَ مِنْهُ فَإِنَّهُ مُلَاقِيكُمْ ثُمَّ تُرَدُّونَ إِلَى عَالِمِ الْغَيْبِ

وَالشَّهَادَةِ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ

«Жұма» сүресінің  8-ші аятын 20 рет оқу керек.

  1. «Жұма» сүресінің 5-ші аятын бастап 8-ші аятқа дейін 20 рет қосып оқу керек.
  1. Одан кейін «Жұма» сүресінің 1-ші аятынан бастап 8-ші аятқа дейін 20 рет қосып оқыңыз.

Құранда әрбір жаңа бетті осы жоғарыда көрсетілген тәсілмен күнде қайталап отырсаңыз, жаттау жеңіл болады.

Құранды оқыған мұсылман баласы үлкен сауапқа ие болады. Ибн Масғуд (р.а.) риуаят еткен бір хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Құранның бір әрібін оқығанға он сауапқа тең келер бір жақсылық жазылады. «Әлиф, лам , мим» де бір әріп деп айтпаймын «Әлиф» - бір әріп, «Ләм» - бір әріп, сондай-ақ «Мим» де өз алдына бір әріп», - деп айтты» - деген. 

Ал, Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): жеткізген хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Расында, Алла Тағала осы кітаппен кейбір қауымдардың (екі дүниеде де) мерейін өсіріп, енді бір қауымдардың дәрежесін түсіріп, жер қылады», - деп айтты» - делінген (Муслим).

Сондықтан мұсылмандар үшін Құран осы дүниеде ізгілікке жеткізер бағдар болса, есеп күнінде шапағатшы әрі жәннатқа жетелейтін амал.

Хадиршаев Салман

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы, қари.

Бөлісу: