Көпті көрген хәкімдердің біріне мынадай сауалдар сұраған екен.
- «Уа, білгірім! Күнделікті қанша тамақ жеу керек?»
- «Аштан өлмейтіндей, һәм тойып жемейтіндей тамақтану керек».
- «Дұрыс екен. Қаншалықты күлуім керек?».
- «Жүзің күлімдеп, даусың көтерілмейтіндей күлу керек».
- «Қаншалықты жылауым керек?».
- «Алланың қаһарынан қорқып жылайтын болсаң, жылаудан жалықпа! Себебі көз жыласа кісінің сырын ашады. Жүрек жыласа ар азабын шектіреді. Ал Алладан қорқып аққан жас тек кісіге пайда әкеледі (яғни жұмақтық жан етеді)».
материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,
ummet.kz