Сахаба Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) былай деген екен:
«Сегіз нәрсе сегіз нәрсенің әшекейі:
1. Кедейліктің әшекейі – тілемсектіктен бойын тарту.
2. Нығметтің әшекейі – шүкірлік ету.
3. Бәлекеттің әшекейі – оған сабыр ету.
4. Білімнің әшекейі – салмақтылық.
5. Шәкірттің әшекейі – өзін төмен ұстау.
6. Алладан қорқудың әшекейі – көп жылау.
7. Басқаға жақсылық жасаудың әшекейі – міндетсінбеу.
8. Намаздың әшекейі – қорқынышпен оқу».
материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,
ummet.kz