15
Жұма,
Қараша

һижри

Білмегенді білемін деп айту өте қатерлі іс

Білмегенді білемін деп айту өте қатерлі іс

Ислам тарихы

Имам Шағбидан бір сауал сұралады. Ол: «Мен бұл сауалдың жауабын білмеймін» деп жауап береді.

Мәжілісте отырғандардың бірі: «Куфа мен Басраның ең атақты ғұламасы бола тұра білмеймін деп айтуға ұялмайсың ба!» дейді.

Имам Шағби: «Періштелер Алла Тағалаға: «Сен Пәксің! Бізде Өзің үйреткеннен өзге білім жоқ» («Бақара», 32) деп айтқанда ұялмаған болатын. Мен неге «білмеймін» деп айтудан ұялым керек» деген екен.

Білмегенді білмеймін деп айту ұят емес. Білмегенді білемін деп айту өте қатерлі іс. Екеуінің арасын ажырата білуді Алла нәсіп етсін!

материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: