Өткенге байлану. Көп адам өткеніндегі өкпе-ренішін, сәтсіздігін өзімен арқалап жүреді. Өзіңізге қажетсіз шектеулер қоймаңыз. Арманыңызды нақтылап, ештеңеден қорыкпай алға ұмтылыңыз.
Айқын мақсаттың жоқтығы. Көп адам нақты мақсаттың жоқтытынан адасып жүр. Сондықтан мақсатыңызды айқындап алыңыз. Дәл осы аптада арнайы уақыт бөліп, өмірлік мақсатыңызды жоспарлаңыз, жазыңыз.
Өзіңе жеңілдік жасай беру. Бір жолға тренировкадан қала салу, бір жолға фастфуд жей салу, таңертең будильник шырылдағанда 5 минутқа өшіре тұру, мұның барлығы сіздің өмірлік әдеттеріңізге әсер етеді. Бір күн ғана қалмайсыз, үнемі қала беретін боласыз. Сондықтан өзіңізді аяуды доғарыңыз. Таңертең, будильник шырылдап, ұйықтай тұрғыңыз келіп, 5 минутқа кейін қоярда «Мен ерік-жігері будильникке тұруға да шамасы келмейтін адам болғым келмейді. Қазір бірден тұрамын. Өйткені, бұл – менің шешімім. Мен мақсатына жеткен адам болғым келеді» деу керек.
Өз ісіне есеп бермеу. Есеп беру – өміріңіздің реттелуіне, жетістікке жете түсуіңізге көмектеседі.
Есеп беріп тұратын дос табыңыз. Осы кітапты окып отырған адамның бәріне міндетті түрде есеп беретін дос табыңыз дер едім. Бұл өте маңызды дүние. Ол сіздің отбасыңыздың бір мүшесі, туысыңыз, досыңыз болуы мүмкін. Кім болса да, есебіңізді қабылдайтын адам болса болғаны.
Дұрыс орта табу. Сізге сенетін, жетістігіңізге қолдау көрсететін орта табыңыз.
материал «Таңғы уақыттың берекесі» кітабынан алынды,
ummet.kz