16
Сенбі,
Қараша

һижри

Адамдарды сұрыптауды үйрен

Адамдарды сұрыптауды үйрен

Ислам тарихы

Бұрынғылардың “ тамырыңды кеңейт, достарыңды азайт!” деген тәлімін ұмытпа.

Өз өзіңді құрметтеуді үйрен. Адамдардың көбі – артық жүк қана. Ондайларға күшің мен уақытыңды жұмсама. Сұрыптауды үйрен! Таңдаулыларды сенде таңда. Кейде жағдайдың өзі адамдарды електен өткізіп, сұрыптап береді.

Көзіңдегі жасты сүрткен адам саған жылама деп айтқан адаммен тең емес. Қысылғаныңда келіп сүйеніш боп, қолыңды қысып, қасыңда мен бармын деген адам қиналсаң хабарласарсың деген адаммен бірдей болмайды. Жағдайыңды сұрап, даусыңнан-ақ хәліңді түсінетін адам жақсымын дегеніңе көне салатын адаммен дәрежелес емес.

Жүрегіңнен керексіз жандарды шығарып тастасаң, іс жүзінде сені қадірлейтін адамдарға орын қалады.

материал «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: