Енді осы бір орайда имам әш-Шағрауидің бір сөзін жаза кетсек.
«Иманның екі жартысы бар – шүкір және сабыр. Басыңа нығмет жауса, оған шүкір етесің. Ал егер басыңа кедейлік сияқты бір сынақ төнсе, соған сабыр етуші боласың.
Кедейге кәміл иманға жету оңайырақ. Кедейлікке сабыр етеді әрі өзіндегі нығметтерге шүкір етіп, кәміл иманға жетеді.
Ал байдың сабыры не нәрседе? Бай өзінің маңдай терімен тапқан ақшаны мұқтажға садақа етіп, сол бір қалтасынан шыққан шығынға сабыр етеді. Сөйтіп оның да иманы кәміл болады», – дейді.
материал «Ризық кілттері» кітабынан алынды,
ummet.kz