17
Жексенбі,
Қараша

һижри

Өзінде бола тұра қайыр сұрау – харам

Өзінде бола тұра қайыр сұрау – харам

Ислам тарихы

Кедейліктің тағы бір кілті – қайыр сұрау. Жалпылама айтқанда, қайыр сұраудың өзін дініміз құп көрмейді. Тіпті өзінде бола тұра, мал-мүлкін көбейту үшін қайыр сұрауды ғалымдарымыз бір ауыздан харам екенін алға тартқан.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің бір хадисінде былай дейді: «Мүміннің ұлық болуы – адамдарға мұқтаж болмауында».

Алла Елшісі (с.ғ.с) өзінің тағы бір хадисінде: «Қандай да бір құл өзіне қайыршылық есігін ашса, Алла оған міндетті түрде кедейлік есігін ашып қояды», басқа бір риуаятта «Оған кедейліктің жетпіс есігін ашады», - дейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мына бір хадисіне зер салыңыз: «Кімде-кім қатты мұқтаж болып, бірақ (еш қайыр сұрамай) сонысын адамдардан жасырар болса, Алла оған күтпеген жерден ризықты үйіп-төгіп береді», - дейді.

материал «Ризық кілттері» кітабынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: