Бір нәрсенің қадірін білетін адам – сол нәрседен айырылған адам.
Ол менмендікпен қолында барды бағаламай айырылғандықтан, мақрұмдықты да жақсы түсінеді. Мүмкін саған бір нәрсе берген кісі өз жан-дүниесін жоғалтқан нәрсесіне айырбастапалуды қалайтын шығар. Мүмкін сені ынта-шынтасымен сүйген кісі: «Сені сүйгенімдей мені де біреудің қатты сүйгенін қалап едім», - деп айтқысы келер.
Жақыным, сені жұбатқанның бәрі уайым-қайғысыз емес. Мүмкін ол кісі жабырқағанда өзін жұбатар біреуге зар болатын шығар. Саған қол ұшын берген кісі де мұқтаж болғанында өзіне көмектесер біреуді таппай қалар. Арқаңнан қағып тұрып, үнсіз ғана іштей: «Мен адамдардың арқасынан қағып, демеп жүрмін. Иә, Алла! Өзің де мені демей гөр!», - деген болуы да мүмкін.
Жарқыным, бұл өмір – қатігез. Әркімнің ешкім білмейтін өз күресі бар. Шынайы боп көрінген күлкілердің артында ауыр, терең жаралар бар. Нығмет соңында мақрұмдық бар. Рухтасым, адамдардан ешкімге көрінбейтін нәрселерді де көруді үйрен!
материал «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,
ummet.kz