27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қандай жағдайда оразаның қазасы ғана өтелуі тиіс?

Қандай жағдайда оразаның қазасы ғана өтелуі тиіс?

Ораза

Төмендегі жағдайларда оразаның тек қазасын өтеу міндеттеледі.

Олар:

1. Ораза екенін білетін адам дәрет алып жатқанда немесе басқа себептермен тамағынан байқаусызда судың кіріп кетуі;

2. Ұйқыдағы адамға су ішкізу;

3. Ауыр жұмыста жүріп науқастанып қалу жағдайында немесе сенімді мұсылман дәрігердің сөзіне сүйеніп яки өз басынан өткізген тәжірбиесіне сүйене отырып, «денсаулығыма зиян тиеді» деп оразасын бұзу;

4. Ұмытып бір нәрсе ішіп-жеген кезде «оразам бұзылды» деген оймен ішіп-жеуді жалғастыру;

5. Түнде ниет ете алмай күндіз ниеттенген адамның бұған көңілі толмай ішіп-жеуі;

6. Түнде оразаға ниет етіп, бірақ таңертең сапарға шығып, жолда оразасын бұзатын болса;

7. Түнде ораза ұстауға ниет еткен жолаушының тұрғын болуға ниеттенгеннен кейін ас жеуі.

 

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: