26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Оразаның ілімге пайдасы

Оразаның ілімге пайдасы

Ораза

Адамды басқа жаратылыстардан ерекшелеп тұратын негізгі қасиеттерінің бірі – ақыл. Пікір, ой, зейін, зерде, түйсік, сана, парасат – барлығы да ақылдың бөлімшелері саналады. Адам  ақыл-ойы мен жан дүниесін оята алғанда ғана адам болмақ. Осылайша ғана адамдық міндеті орындала алады.

Ораза ақыл мен жүректі оятады. Түсіну мен есте сақтау қабілетімізге күш береді. Ораза жүрек пен рухты нұр-шуаққа кенелтеді. Өмірлік тәжірибемізден байқағанымыздай, жылдам әрі нақты шешім қабылдаған кездеріміз – асқазанымыз бос болған уақыттар.

Пайғамбарымыз былай деген: «Аштық адамның ақылын қуаттандырып, көңілін оятады».

Ораза адамның зейінін тазартып, жақсы ойларға жетелейді. Бір күні Лұқман баласына: «Балақайым, асқазан толы болса, ойлау қабілетің ұйқыға шомады, даналық үні өшіп, дене мүшелерің құлшылыққа жарамай қалады» деген екен. Шын мәнінде адам асқазаны толы болғанда ұйқы қысады. Ал ұйқы адамды көп нәрседен мақұрым етеді. Адам қарны тоқ кезінде қабілеті де төмендейді екен. Аш құрсақ кезде адам миының белсенділігі артып, ақпаратты қабылдау деңгейі жақсарады.

Оразамен ақыл-ой тиянақтылығына ие болғандар барлық жаңалықтар мен білімнің нәтижелеріне рамазан айында ораза ұстаған кездерінде қол жеткізген. Пайғамбарлық осы айда басталып, Расулаллаға «оқы» әмірі рамазан айында келген. Олай болса, рамазан айында көп оқу – Алланың бұйрығы. Құран оқу, тәпсір оқу, кітаптар оқу, өзін оқу, әлемді оқу.

материал «Рамазан – жаңғыру айы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: