26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазға қатысты кейбір жеңілдіктер

Намазға қатысты кейбір жеңілдіктер

Намаз

Дінімізде намаз оқыған адам үшін өмірдегі кейбір жағдайларға байланысты жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы: тұрғылықты адам намазын толық оқуға міндеттелсе, жолаушы адамға намазын қысқартып оқу жеңілдігі берілген.

Қыбланы таба алмаған адам көңілінде қыбыла деп білген жағына қарап оқуға және көлікте болса көліктің бет алып бара жатқан жағына қарап оқу жеңілдігі берілген. Ал, адам намазын тұрып оқм алмаса, отырып оқуына, отырып оқи алмаса, жатып ишарамен оқуына болады. Қасиетті Құрандағы: «Алла сендерге жеңілдік қалайды және ауырлықты қаламайды» («Бақара» cүресі, 185 аят) – деген аятты имам Ибн Кәсир былай түсіндіреді: «Алла Тағала құлының бір амалды қиналмай орындауын, жағдайына қарай жеңілдікті ұстануын қалайды. Ислам дінінің маңызды тіректерінің бірі болған намазды тұрғылықты адам толық оқыса, жол қиындығын көретін жолаушы адамның қысқартып оқуын, қыбланы таба алмаған адамның мөлшерлеп қыбыла тарапына қарауын, тұра алмаған адамның отырып, отыра алмаған адамның жатып ишарамен оқуын қалады. Міне, бұл Жаратушы Иеміздің құлдарына деген кеңшілігі» [2, 1/23-24 бб.].

Намаз оқу барысында кейде адам қанша рәкәғат оқығаны жайлы жаңылып, үш немесе төрт рәкәғат оқыдым ба? – деген күмән пайды болады. Міне, осындай кездене істеуге болады деген сұқра туындайды.

Ханафи мәзһабы бойынша, намазда қанша рәкәғат оқығандығы жайлы күмән бірінші рет болып тұрса, намазды қайта оқу керек. Ал бұл күмән бірнеше мәрте қайталанса, дұрысырақ деп ойлаған ойына амал қылады. Себебі, дұрысырақ деп ойлаған ой нақты сенім болып саналады [35, 67 б.]. Пайғамбарымыз (Саллаллаһу ғәлейһи уәсаллам) бір хадисінде: «Кімде-кім намазында төрт немесе үш рәкат оқығандығынан күмәнданса, ол күмәнін ойламай, дұрыстыққа басым болғанына қарай амал қылып, намазын тамамдасын. Сәлем бермей тұрып, екі сәжде жасасын. Егер бес рәкат оқыған болса, бұл сәжделер намазына шапағатшы болады, ал егер намазын дұрыс оқыған болса, бұл сәжделер шайтанның масқара болуына себепші болады» [11, Cаһу/6-7] – деген.

Ескерту: егер адам төрт рәкәғат намаздың төртінші рәкәғаттан кейінгі отырыста (қағдатул ахирада) отырмай, бесінші рәкәғатқа тұрып кеткен болса намазы дұрыс болмайды. Себебі, соңғы отырыста отыру намаздың парызы болғандықтан, оның орнын сәһу сәждесі (Сәлем бермей тұрып, жасаған екі сәжде) орнын толтыра алмайды. Кейде адам намазын оқыған яки оқымағанына немесе сол намаздың парызы болған рүкуғ, сәждесін орындаған яки орындамағанына күмәнданса, намаз уақыты әлі шықпаған болса намазын қайта оқиды. Намаз уақыты шыққан жағдайда намазын қайта оқымайды. Өйткені, уақыттың шығуы ғибадаттың толықтығын білдіреді. Яғни, фықһта «Сенім күмәнмен күші жойылмайды» – деген қағида бар.

материал «Үкім аяттардың тәпсірі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: