26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дәрет алған әйел шашын бүркемесе дәреті бұзыла ма?

Дәрет алған әйел шашын бүркемесе дәреті бұзыла ма?

Намаз

Шариғат бойынша тасаттур, яғни әйелдердің бөгде ер адамның алдында киініп, әурет жерлерін көрсетпей жабық жүруі – Алла Тағаланың бұйыртқан парызы.

Құранда: «Мүмін әйелдерге айт: өздігінен көрінетін жерлерінің тысында, әсемдігін және әшекейлерін көрсетпесін» («Нұр» сүресі, 31-аят) делінген. Мұндағы әйелдердің өздігінен көрінетін жерлері: білектері мен жүздері. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Уа, Әсма! Балиғат жасқа жеткен қыздың (сырт көзге) мына екеуінен басқа жерінің көрінгені дұрыс емес» деп жүзі мен екі қолын көрсеткен. Сондай-ақ шариғат ғалымдарының басым бөлігі табан мен тобық арасын әурет жерге жатқызбаған. Яғни, Әбу Ханифа мәзһабы бойынша әйелдер үшін қол, аяқ (тобықтан төмен) және беттің тысындағы мүшелер тегіс әурет болып табылады.

Ендеше, әйелдердің орамал тағуы парыз. Алайда, бастың ашық ұсталуы кіші дәретті бұзатын жағдайлардың арасында көрсетілмеген. Яғни, шаштың көрінуі дәретті бұзбайды. Осыны негізге ала отырып, басын ашық ұстаған әйел үйде дәрет алып, жұмысқа келген болса, дәретін бұзатын басқа жағдайлар орын алмаса, оның дәреті бар болып саналып, оқыған намазы дұрыс болады.

Ал орамал тағып немесе тақпауы киім мәселесі болғандықтан, шариғат бойынша оның үкімі сауап немесе күнә болып жеке қарастырылады.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: