26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Шығыс пен батыстың арасында бір ғана құбыла бар»

«Шығыс пен батыстың арасында бір ғана құбыла бар»

Намаз

Әзірет Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) былай деді: «Шығыс пен батыстың арасында бір ғана құбыла бар».

ТҮСІНДІРМЕ:

Бұл хадистің мағынасы жайында ғалымдар өзара пікір қайшылығына түскен. Бәйхақи, Ирақи, Нәуәуи сияқты мәселеге терең үңіліп, зерттеу жасаған ғалымдар бұл хадистің әрбір елге қатысты жалпыға бағытталған үкімді қамтымайтынын, хадистегі үкімнің тек Мәдинаға және құбыла бағыты бойынша Мәдина аймағы саналатын аймақтарға тән екенін және орналасу бағыты бойынша құбыланың солтүстік пен оңтүстіктің ортасында т.б. жерлерде де болуы мүмкін екенін айтқан. Негізінде, қай жерде болмасын, құбыла Қағба бағытында болатыны үшін, Қағбаның дәл ортасында орналасқан аймақтарда құбыла – солтүстік пен оңтүстіктің ортасы. Яғни, адамның оң жағында солтүстік, сол жағында оңтүстік тұрады. Бұл жерде басқа құбылаға рұқсат етілмейді. Сол сияқты, Қағбаның батыс бағытындағы аймақтарда орналасқан адамдар да солтүстікті солға, оңтүстікті оң жағына алып тұрады. Мұнда да құбыланың бағыты біреу-ақ: ол да шығысқа қарай.

Нафиғ былай дейді: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) былай деді: «Адам Бәйтуллаһқа бет бұрса, Шығыс пен Батыстың арасындағы жалғыз құбыла сол».

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: