26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әйелдер намазының ерлер намазынан сегіз айырмашылығы

Әйелдер намазының ерлер намазынан сегіз айырмашылығы

Намаз

Әйелдер намазының ерлер намазынан қанша жерінде айырмашылықтары бар?

Сегіз жерде айырмашылық бар.


1) ерлер намаз бастайтын кезде тәкбір айтып, қолдарын құлақ жұмсағына жеткізеді, ал әйелдер кеуде тұсына дейін жеткізеді;

2) ерлер тәкбір үшін қолдарын көтерген кезде қолдары ашық болады, ал әйелдердің қолдары жеңдерінің ішінде болады;

3) ерлер қиямда қолдарын кіндік астына қояды, ал әйелдер көкіректің үстіне қояды;

4) ерлер рукуғта тізелерін бүкпейді, ал әйелдер бүгіп тұрады;

5) ерлер рукуғда тізелеріне сүйеніп тұрғанда саусақтарының арасын ашып тұрады, ал әйелдер ашпай тұрады;

6) сәжде уақытында ерлер шынтақтарын жерге және қабырғаларына, қарындарын сандарына тигізбейді тұрады.

Ал әйелдер сандары қарындарына тиіп тұрған халде сәжде жасайды;

7) ерлер отырыста болған уақытта он аяқтарын тік басып, ал башпайлары құбыла тарапына қарап тұрады.

Сол аяқтарын жатқызып үстіне жанбасын қойып отырады. Ал әйелдер болса екі аяқтарын оң жаққа жіберіп, сол жамбаспен үстіне отырады;

8) ерлер парыз намазында азан және қамат айтады.

Және жамағатпен оқиды. Әйелдер азан және қамат айтпайды. Оларға жамағатпен намаз оқу мәкрух болады. Осы сегіз амалдан басқа амалдарда әйелдер намазы ерлер намазына ұқсайды, еш айырмашылық жоқ.

материал «Ғибадат Исламия» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: