26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Таң намазының сүннетінің өзі бұл дүниеден қайырлы

Таң намазының сүннетінің өзі бұл дүниеден қайырлы

Намаз

Таң намазының маңыздылығы соншалықты – сүннетінің өзі – тәһәжжүд намазынан кейінгі ең қуатты сүннет.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) хадисінде: «Сендерді атты шабуылшылар қуса да таң намазының екі рәкат сүннетін тастамаңдар», «Ол – дүниедегі барлық нәрседен қайырлы» деп бұйырған. Басқа бір хадисте таң намазының екі рәкат сүннетінің, басқа хадисте таң намазының екі рәкат парызының «бұл дүние және оның ішіндегі барлық нәрседен қайырлы» екендігі айтылған.

Таң намазын оқуға бөгет болады деген сылтаудың қайсысы дұшпанның беретін зиянынан қауіпті әрі дүниедегі барлық нәрседен де құнды бола алады?

Намазға сылтау болған қай қиыншылық, қай қауіп бізді дұшпанның қастығынан қорқынышты бола алады? Осындай жағдайдың өзінде таң намазын оқу бұйырылған. Өйткені бар нәрсенің иесі – тек Алла. Оның әмірі орындалған соң ешбір қауіп-қатер бізге зиян тигізе алмайды. Дүниемізге зиян тигізсе де, ақыретімізге зиян бере алмайды.Фәниде ұтылғанмен, мәңгі өмірде олжалы болатын кісі қалай зиянда болмақ? 

материал «Таң намазына тұрғың келсе...» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: