20
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Жүрекке әуелі не қажет?

Иман келтіру

Жүрек рухани тәрбиенің бұлағы болғандықтан жүрекке ең әуелі иман қажет. Жүрек надандықтан, рухани кеселден арылып, имани қуатты болуы қажет. Адам баласы жан мен тәннен тұрса, тәніміз топырақтан жаралғандықтан, оның бүкіл қорегі сол жер қойнауындағы топырақтан болады.

Ал жан адамға Алла тарапынан берілгендіктен, оның қорегі – рухани азық. Алла Тағала «Бақара» сүресінде: «Рухани азық жинаңдар, ол азықтың ең жақсысы - діндарлық», - деген.

Дін – адам жүрегіне мейірім, шапағат, махаббат нұрын құяды. Осы нұр жүрегімізге жігер беріп, иманымызды күшейтеді. Сонда ғана жүрегіміз бойдағы жағымсыз қылықтардан тазарып, ізгі қасиеттермен толығады.

Алла Тағала Мұса пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын): «Мен пендемнің жүрегіне қараймын. Егер одан ешқандай сүйіспеншілік белгісін таппасам, оны өзіме деген махаббат сезіміне толтырамын. Өзгелерден қорғаштап, өзім дос етіп аламын», - деген екен.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адам бір күнә істегенде жүректе қара дақ пайда болады, алайда адам өкініп, тәубе етсе, жүрек қайта нұрланады», - деген екен (имам Нәуәуи «Риядус-салихин»).

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: