25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Иманның кетуіне себеп болатын күнәлар қайсы?

Иманның кетуіне себеп болатын күнәлар қайсы?

Иман келтіру

Барлық нәрсені ақшаға сатып алуға болады, бірақ иман ақшамен сатып алынбайды. 

«Алла бір құлына иман берген болса, оған басқа не бермеді?.. Иман бермеген болса, оған не берді?..»

Хазіреті Хаким Тирмизиге:

– Иманның кетуіне ең көп себеп болатын күнәлар қайсы? - деп сұрағанында былай деп жауап береді:

– Үш күнә бар:

Біріншісі: Иман ниғметіне қауышқанына шүкір етпеу.

Екіншісі: иманның кетуінен қорқпау.

Үшіншісі: мұсылмандарды ренжіту және оларды жәбірлеу.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Ақысыз (әділетсіз) бір мұсылманды ренжіту Қағбаны жетпіс рет құлатудан да артық күнә», - деп бұйырған.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: