26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Көп амал емес, ықыласты амал керек

Көп амал емес, ықыласты амал керек

Иман келтіру

Алла Тағала да қиямет күні құлының амалынан ықылас іздейді. Алла Тағаланың құзырында амалдар тек ықыласына қарай өлшенеді. Яғни, ықылассыз, ізгі ниетсіз амалдың Алланың құзырында бес тиындық та құны жоқ.

Бұл мәселені Жәләләддин Руми Мәулана да былай деп көркем сипаттаған: «Дүниеде екі грамм алтын үшін екі тонна топырақ електен өткізіледі. Ақыретте де солай. Ниет алтын тәрізді. Көп амал емес, ықыласты амал керек. Қаншама жасалған амалдардан ниет ізделеді, ниетке қаралады. Алла үшін болған амалдар ғана таңдап алынып, қалғандары лақтырылады»...

Ендеше әрбір амалымыз бен құлшылық-ғибадаттарымыздың риясыз, ықыласты болуына мән берейік.

материал «Тасаууф тұнығынан» кітабынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: