16
Сенбі,
Қараша

һижри

Періштелердің Құран оқып отырған сахабаға келуі

Періштелердің Құран оқып отырған сахабаға келуі

Иман келтіру

Әбу Саид әл-Худри (р.а.) әңгімелейді: «Үсәйд ибн Худайр (р.а.) түн жарымында Құран оқып отырған еді. Аты осқырынып әлденеден мазасызданғандай болды.

Ол Құран оқуын жалғастыра берді. Аты тағы да әлденеден үркіп, көкке шапшыды. Үсәйд Яхияны жылқы таптап кете ме деп қорқып, оған қарай аяңдады.

Сол-ақ екен, бас жағынан бұлт тәрізді бір нәрсені көрді. Оның ішінен май шам сияқты тағы бірдеме көрінгендей болды. Бұдан кейінгісін Үсәйдтің өз аузынан тыңдайық: «Сәлден кейін бұлт көкке көтеріліп, көзге көрінбей кетті. Таңертең осы көргендерімді Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жеткіздім:

– Ей, Расулалла! Түнде Құран оқып отырған болатынмын. Кенет атым үркіп, тықырши бастады.

– Әрмен қарай оқи беруің керек еді, – деді

Пайғамбарымыз.

– Иә, бұған мән берместен оқи бердім. Атым тағы осқырынды. Бір орында шыр айналып, байыз таппады.

– Әрмен қарай оқи беруің керек еді, – деді Пайғамбарымыз тағы да.

– Атым үркіп, Яхия жатқан жаққа қарай желіп кетті. Оны таптап кетеді ме деп қорықтым. Сол-ақ екен, көктен ішінде май шам тәрізді бір нәрсе жылтыраған бұлттың менің төбемнен төніп тұрғанын көрдім. Сәлден кейін көкке көтеріліп көрінбей кетті.

– Сенің көргенің Құранды тыңдауға келген періштелер болатын. Егер оқуыңды жалғастыра бергеніңде ол жасырынбас еді. Оны жұрттың барлығы көрер еді, – деді Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: