Омар (р.а.) құлымен бірге Шамға бара жатқанда түйеге кезектесіп мінген еді. Омар (р.а.) түйеге мінгенде құлы түйенің жетектеп бір фарсах жүреді. Сосын, Омар (р.а.) түсіп, құлы мінетін. Омар (р.а.) түйені жетектейтін.
Алдарынан бір өзен шықты. Омар (р.а.) түйені жетектеп судан өтті. Халифаны қарсы алуға шыққан Шамның әмірі Әбу Убәйда бин Жәррах (р.а.) бұл жағдайды көргенде:
«Уа, мүміндердің әмірі! Шамның үлкендері сізді қарсы алуға шығады. Сізді бұлай көргендері жақсы болмас» деді.
Сол кезде, Омар (р.а.) былай деді:
«Уа, Әбу Убайдә! Мұны сенен басқасы айтқанда үмметі Мұхаммедке ғибрат болсын деп жазалар едім. Біз сорлы қауым едік. Алла бізді Исламмен құрметке бөледі. Қашан біз қадір, құрметті Алла Тағаланың бізді құрметке бөлеген Исламнан басқа нәрсемен іздесек Алла Тағала бізді (қайта) сорлы қылады».
ummet.kz