25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Өзіннің кім екеніңді білгің келсе...

Өзіннің кім екеніңді білгің келсе...

Иман келтіру

«Ниетім түзу, жүрегім ақ, біреудің ала жібін аттаған емеспін» дейтін көпшілік қатары көп. 

Біліңіз, ниет – адамның әр амалының басында тұратын ішкі ойы. Егер ниетіміз дұрыс, әрі жүрегіміз ақ болса, онда ыдыстағы сүт қайнағанда сыртына таситыны сияқты, ол ниетіміз тілімізден, қол аяғымыздан салихалы амалдар ретінде көрініс табады. Сол себептен де адамзаттың ең абзал тұлғасы, ниеті ең түзу адам Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түнімен, тіпті аяғы ісіп кеткенше намаз оқитын еді.

Ал алашты аузына қаратып, «адамды сүй Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа" деген Абай, бір өлеңінде жүрегі туралы: «жүрегіме қарасам ине дейін таза емес, алып аршып тастайтын апандағы саз емес» деп жырлады. Егер ақыл ойдың алыбы Абай бүй деген болса, бізге не жоқ десеңізші!? Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Тараздың бір шетіне бүкіл мұсылмандардың иманын, ал екінші шетіне Әбу Бәкірдің иманын қойсаңыздар, Әбубәкірдің иманы басым түседі» деген Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) біреу оны мақтаған кезде: «Егер менің ішімде не болып жатқанын білсеңдер жанымнан қашып кетер едіңдер» деп айтқан екен. Ал ақын Серік Қали бір шумағында: «Намазың түгел ғибадат бүтін болмаса, жүрегім таза ниетім түзу деу далбаса» депті.

Сондықтан «біреудің ала жібін аттаған емеспін» деп жүріп, Алланың намазын аяқасты етіп жүргенімізді ұмытпайық.

ummet.kz

Бөлісу: