Түркия білім министрлігі ел аймақтарындағы мүфтияттармен бірлесе отырып қосымша діни сабақтар үшін оқу-ағарту жобасын іске қосу туралы шешім шығарды. Аталған хаттамалық келіссөздер Болу және Анталья қалаларында жүзеге асып үлгерді, деп хабарлайды Интерфакс-религия.
4-сыныптан бастап міндетті саналатын діни пәндерді балабақшадағы 4 жасар бүлдішіндерге үйрету көзделіп отыр. Түркияның мүфтият қызметкерлері жүргізетін сабақтардың ұзақтығы – аптасына 6 сағатқа созылады деп жоспарланған.
ummet.kz