АҚШ-тың жоғары оқу орындарының бірінде елдегі бірінші мұсылман қыздар қауымдастығы пайда болды.
Daily Texan Online мәлімдеуінше, енді Техас университетінде «Мю дельта альфа» мұсылман-қыздар қауымдастығы құрылған. Жуырда университетте қыздар қауымдастығының бірінші құрылтай сессиясы өткен. Онда қауымдастықтың мақсаты мен алдағы уақытта атқарылар жұмыстар жөнінде келіскен – кәсіптік бағдар және Құран үйрену бойынша семинарлар туралы сөз қозғалған. «Мю дельта альфа» қауымдастығының негізін қалаушы Самира Мэддокстың айтуынша, қауымдастық мүшелері ислам қағидаларынан ауытқымайтын және көшбасшы болуға ниеттенуде. «Мұсылман қыз-келіншектері көптеген шектеулерге кездесіп жүреді және де олардың ұқсауға тырысатындай қолжетімді үлгілері жоқ. Бірақ, негізінде, айтса адам сенбейтін мұсылман қыз-келіншектер бар, бізге тек олармен байланыс орнату қажет» дейді қауымдастық белсенділерінің бірі Мария Хасим.