Қырғызстан республикасы Баткен облысы Кадамжай ауданы имамдары өңірдегі дүкендерді аралап, спиртті ішімдіктерді сатуды тоқтатуға үндеуде.
«Имамдар барлық дүкендерді аралап шықты. Олар сатушыларға спиртті ішімдіктердің дінімізде тыйым салынғанын, оның салдары мен зардабы үлкен болатынын түсіндіріп, арақ-шарапты сатуды тоқтатуға шақырды. Сары-Алтын, Көктал, Питомник ауылдарын да араладық. Дүкендер енді арақ сатпауға уәде етті» дейді қырғыз имамы Ибрахим Айтқұлов.
Еске сала кетсек, бұған дейін де Қырғыз республикасының бірқатар аймақтарында алкогольді өнімдер сатуға тыйым салынған болатын.