18
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Саудиялық әуе компаниясы жаңа талаптар қойды

Жаһан
Жарнама

SAUDIA әуе компаниясы ұшаққа мұсылман жолаушылардың қысқа шортымен, ал әйел адамдардың денеге жабысқан киіммен мінуіне тыйым салды. Тиісті ереже әуе компанияның ресми сайтында жарияланған.

SAUDIA әуе компаниясы жолаушылардың дұрыс киінбеуі өзге жолаушыларға қолайсыздық тудыруы, агрессивті және әдеп тұрғысынан нұқсан тигізуі мүмкін екенін көрсетті. Ережеге сәйкес, әйел адамдар денеге жабысқан киімнен бөлек, қол-аяқтары жалаңаш жүруіне болмайды. Сондай-ақ, ұшақ бортында аяқ киімсіз жүруге тыйым салынады. Жалпы SAUDIA ереже тізімі 15 бөлімнен тұрады. Эр-Рияд Туризм департаментінің бұрынғы басшысы Әли Гамди Makkah газетіне берген сұхбатында жаңа талаптар Азаматтық авиация халықаралық ұйымы шарттарына сәйкес келетінін және әлем бойынша әуе компанияларында қолданылатынын мәлімдеді. 

http://kazislam.kz/

Бөлісу: