Лондон қаласының мэрі Садық Хан жаңа қызметте қасиетті Рамазан айын қалай қарсы алып жатқанын айтып берді, деп жазады The Guardian.
«Рамазан келісімен мен осы уақытта қоғамға пайдалы көп жақсылықтар жасап қалуға болатынын және дініміз туралы жаңсақ пікірлерді сейілтуге болатынын сезінем» дейді мэр.
«Сол себепті менің міндетім бұл айда адамдармен жақын сөйлесу, достық қарым-қатынасты күшейту, ол үшін қала бойынша мешіт, синагога, шіркеулерде көбірек ауызашар беру керек» деген Садық Хан ораза кезінде ас-судан нені көбірек қалайтынын да жасырмады. Күн ұзақ ауызы берік ұстайтын қала әкімі жұмыс барысында шай мен кофесіз жетіспейтінін айтты. Дегенмен, ораза айында тамақтанбай жүруге еш қиналмаймын дейді мэр.
Биыл Ұлыбритания астанасы мэрінің жұмыс кестесі өте тығыз әрі қауырт. Жуық уақытта Британияда Еуроодақ мүшелігіне ену мәселесі бойынша референдум өтпек. Мэрдің айтуынша, кей күндері бұқаралық маңызды шаралар кезінде үлкен аудитория алдында баяндама жасау үшін жай ғана бір стакан сумен ауыз ашуға да тура келеді екен.
ummet.kz-ақпарат