Аты аңызға айналған америкалық боксшы Мұхаммед Әлиді еске алып, дұға ету мақсатында Мәскеу қаласында Мемориалды мешіт жанынан тігілген «Рамазан шатырында» 20 маусым күні барша халыққа арналған ауызашар ұйымдастырылады. Бұл турады Мәскеу мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Рамазан шатырының» бір кеші бүгінгі Рамазанға жетпей, 3 маусым күні өмірден өткен әлем мұсылмандары мен барша адамзатқа белгілі есім иесі Мұхамед Әлидің құрметіне арналмақ.
Әлем алдында әйгілі боксшы ретінде танылған М.Әли дін жолында да, ағартушылық қызметте де өте белсенді болды. Өмірлік салыстыру тәсілдері арқылы шешен тілімен кез келген адамға ақиқатты жеткізе білді. Ол жай ғана спортшы емес, өзінің өмірімен және ізгі істерімен көпке үлгі қалдырған, әлемдегі көптеген адамдарға өмірдің мәнісі туралы шындықты түсіндіре алған тұлға» делінген Мәскеу мұсылмандары діни басқармасы мәлімдемесінде.
Хабарламада аталмыш кеште Мұхаммед Әлидің Ұлы Жаратушы және хақ Ислам жайында айтқан өткір сөздері, бейнетаспалары көрсетіледі. Ауызашар кешіне барлық ізгі ниетті адамдарға ашық болады.
Мұхаммед Әли 75 жасқа қараған шағында АҚШ емханаларының бірінде тыныс жолы сырқатымен түсті. оның қазасы жайында сенбі, 4 маусымда белгілі болды.
ummet.kz-ақпарат