Сингапурде 100-ге толғалы отырған қария биылғы Рамазан оразасын да ұстауды жөн деп шешкен, деп хабарлайды Asia One.
Осман қажы Насыр жүзжылдық мерейтойын оразаның нағыз қызған шағында, 20 маусымда қарсы алады. Сингапурлік қария қасиетті оразада ауыз бекітуге толықтай дайын екенін, өзге мұсылмандармен бірге ораза ұстайтынын айтады.
Осман қажы Малайзияның Джохор аймағында дүниеге келген. 1939 жылы Сингапур асып, Британ әскерінде қызмет етеді.
Қарияның 44 жасар кіші қызы Нұриланың айтуынша, әскери қызмет Осман Насырды темірдей тәртіпті өмір сүруге қалыптастырған, өзінің он баласын да осылайша жинақылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеп өсірген екен.
Салауатты өмір салты мен дін тәрбиесі Осман қажының 100 жасқа жетуіне себеп болғанын және әлі күнге ешқандай созылмалы ауруға шалдықпаған. Осман қажы көбірек жеміс-жидек жейді, еттің орнына балықты құп көреді. Ал бос уақытын Құран оқуға арнайды.
E-islam.kz