Бокстан әлемнің экс-чемпионы Мұхаммед Әли тыныс жолы сырқатымен ауруханаға түсті. Бұл жайында спортшы отбасының өкілі Боб Ганнел хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Әлидің денсаулығы қалыпты, қанағаттанарлық деңгейде. Алайда, бірнеше күн ем қабылдауы қажет.
Айта кету керек, бүгінде 74 жасқа келген М.Әли Паркинсон ауруымен отыз жасынан бері ауырады және соңғы уақытта көпшілік алдына шығуды мүлде тоқтатқан. Соңғы рет өзі негізін қалаған Паркинсон орталығындағы қайырымдылық шарасына қатысқан.
Еске сала кетсек, Әли 1981 жылы бокстағы карерьасын тоқтатты. Паркинсон ауруы осыдан үш жылдан кейін пайда болған
Ислам дінін 1964 жылы қабылдап, Кассиус Марселлус Клей есімін Мұхаммед Әли етіп өзгертті.
ummet.kz-ақпарат