06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бүгін Түркияда білім жетілдіретін республикамыздың әр өңірінен жиылған 30 имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қабылдауында болды, деп хабарлайды Muftyat.kz.

«Сұлтан Заһир Бейбарыстың өмірбаяны» – бұл қазақ елінде туылып, қапыда құлдыққа түсіп, жат елде жүріп сол қамыттан арылып сұлтандыққа дейін көтерілген бабамыз жайлы арабтардың тамсана жазған еңбегі. Мысыр мен Шам елдерінің тәуелсіздігін сақтауымен, мұсылман әлемінде білім-ғылымның, мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосуымен тарихта өшпес із қалдырған Бейбарыс бабамыз жайлы шығармалар өте көп, соның ішінде ең қомақтысының бірі Сұлтан сирасы (өмірбаяны) жайлы араб тілінде 5 томдық кітап жазылған. Енді сол құнды еңбектің алғашқысы ана тілінде «Ақ Жайық» баспасынан екі кітап болып жарыққа шықты.

Елін, жерін, отанын сүйетін, елжанды, иманды патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы жалпы жамағат арасындағы әйел-қыздарға арналған «Ислам және әйел» атты Республикалық ғылыми, діни-танымдық мақалалар байқауын ұйымдастырады!

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қабылдауында болды, деп хабарлайды Muftyat.kz.

14 наурыз күні Астанада IFN Forum CIS 2017 ислам қаржысы бойынша форум өтеді. Шараны ұйымдастырушылар – Астана халықаралық қаржы орталығымен бірлескен Redmoney group компаниясы.

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Өнер қырандары» театрының ұжымын қабылдады.

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сингапурдың «Halal Quality Centre» директоры Самад бин Салиммен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Алматы қаласы орталық мешітінде «Қоғамды ізгілікке бастау ісінде дін қызметкерінің рөлі» тақырыбында имамдар семинары өтті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорданың баспасөз қызметі осыдан 15 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдер қауымы өкілдерімен кездесу барысында "анаңызға не жазар едіңіз?" деген сауалға жауап берген видеосын фейсбук парақшасында жария етті, деп хабарлайды BAQ.kz.

Күні кеше елордалық “Зекет” қоры ұйымдастырған "Алтын алқалы анаға - тосын сый" жобасына қатысқан Салтанат Ханжановаға қайырымды жандар 110 мың теңге қаржылай сый жасады. Бұдан бөлек, дизайнер Ұлжан Абайқызы мен мата дүкенінің [Таха Хусеин к., 4/8] иесі Бибаят Шәмшіқызы сәнді киімдерін табыстады.

Ғасыр жасаған кейуананың ағзасы жасаруға көшті.

Мамандардың айтуынша, тіс-жақтың дамуы екі кезеңмен жүреді. Ол сүт тістердің және тұрақты тістердің шығуы. Сондықтан, кейуананың бойындағы өзгеріс дәрігерлерді де таң қалдырды. kaztrk.kz хабарлағандай, әженің ағарған шашы да қарая бастады. Күн сайын шашын тарап, жинайтын немересі оны бірінші болып байқады.