06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркияның Қазақстандағы елшілігінің діни атташесі міндетін атқарушы Сертач Гүнер мырзаны қабылдады.

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен арнайы мәжіліс өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ислам банкінің Малайзиядағы өкілі Аминуддин Мат Ариф бастаған біртоп делегацияны қабылдады.

Астанада «Құқық қорғау органдарының экстремизм, радикализм мен терроримзге қарсы әлеуетін күшейту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтуде.

Экстремизм мен терроризмді қазақ тілінде насихаттайтын  материалдар көлемі күрт көбейді. Террористік ұйымдар осындай материалдарды көптеп тарата бастаған. Мұндай мазмұндағы материалдардың саны ғаламторда геометриялық прогрессиямен өсуде. Бұл туралы «Құқық қорғау органдарының экстремизм, радикализм мен терроримзге қарсы әлеуетін күшейту» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық дөңгелек үстелде ҚР ҰҚК антиттеррорлық орталық штабы басшысының орынбасары Сергей Швейкин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Күні кеше елордалық "Зекет" қорында "Алтын алқалы анаға тосын сый" жобасында 8 баланың анасы Гүлім Рахметоваға құрмет көрсетілді. Жолдасының тұрақты табысы болмағандықтан, ауылда жұмыс, қалада баспана болмағандықтан, әрине, аналарымызға оңай тиіп жатқан жоқ.

Қарағанды қаласының «Кеншілер» мәдениет сарайында күллі мұсылман халқының қадір тұтар тұлғасы, ардақты Мұхаммед пайғамбар мәулітіне арналған кеш өтті.

Ақорданың ресми сайтында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жолдауы жарияландыНaзарларыңызға Жолдаудың толық мәтінін ұсынамыз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына келіп түскен көптеген сұрақтар мен өтініштерге байланысты Ғұламалар Кеңесі құрсақ ана болудың шариғи үкімін берді.

Кеңестің XV мәжілісінде қабылданған пәтуа мәтіні мынадай:

Бүгін елордада 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың алауы жағылды. Осы шараға арналған салтанатты жиын Елбасының қатысуымен Назарбаев Университетінде өтті.  Алау көтерушілердің әрқайсысы шамамен 200 метрді жүгіріп өтеді. Айта кетейік, эстафета үшін Универсиада логотипі бейнеленген 140 алау дайындалған.

Бүгін бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің XV мәжілісі басталды.