06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Ресейліктер қазақстандық жауынгердің сүйегін тапты. Курск облысына қарасты Поныри ауданында жүргізілген іздестіру жұмыстары кезінде белгісіз сарбаздың сүйегі табылған. Бұл туралы «Застава св. Ильи Муромца» әскери-патриоттық қайырымдылық қорының басшысы біздің елге жолдаған хатында жазған.

«Ғажайып әлем» жаңа инновациялық жобасы қадамын сәтті бастады. «Тірі» ертегілер 2-7 жастағы балаларға арналған. Бұл жобаның басты мақсаты – енді өсіп келе жатқан балаларды – еліміздің болашақ патриоттарын тәрбиелеуде жағымды әсер беру, сондай-ақ қазақ халық ертегілеріне деген қызығушылығын арттыру. «Тірі» кітапты пайдалану үшін Android және iOS бағдарламасын тегін қосымша жүктеу қажет. Сосын смартфон немесе планшеттің камерасын қосып, шынайы ертегі әлеміне саяхат жасауға болады. Кейіпкерлерге көз алдыңда «жан бітіп», қимыл-қозғалысқа еніп, қалаған, яғни, қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде сөйлей жөнеледі.

«Қазақ елі» анимациялық фильмі Каир қаласында өткен Х халықаралық анимациялық фильмдер форумында «Ең үздік толықметражды фильм» жүлдесіне ие болды.

Картинаның композиторы Руслан Шынықұлов және фильмнің әуенін жазуға қатысқан музыкант Жанболат Әділов құрмет дипломдарымен марапатталды. Айта кететін жайт, анимациялық кинотуындының халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, кеңінен насихатталу жұмыстарын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жүзеге асырды.

Ақтөбе облысы Алға ауданында дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылардың тұрғылықты мекендайжарын анықтайтын «экстремизм картасы» әзірленді.

Кеше Астанадағы Ұлттық Академиялық кітапханада белгілі ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Омар Жәлелұлымен кездесу өтті.

Бүгін Министрліктер үйі ғимаратында  Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Астана қаласында «Түзеу мекемелеріндегі сотталушылармен профилактикалық түсіндірме жұмысы бойынша тәжірибе алмасу» атты халықаралық конференция өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті жиналысында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Уағыз-насихат және Баспасөз бөлімінің басшыларына облыстардағы имам-молдаларға шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, уағыз әдебі тақырыптары төңірегінде жүйелі түрде семинар-тренинг өткізуді тапсырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің XIV мәжілісінде мешіт жамағаттары мен жекелей азаматтардан келіп түскен сұрақтар мен өтініштерге байланысты мұсылман зиратының қағидалары мен талаптары бекітілді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде имам-молдаларды аттестаттаудан өткізудің жаңа ережесі бекітілді.