06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

«Зекет» қорында «Тайқазан» акциясы өз жалғасын табуда (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«... егер тас жүрек жібісін десеңіз, онда аштарды тамақтандырып, жетімдерді жебеңіз...».

Бүгін 2017 ж. 21-ші ақпанында «Зекет» корпоративтік қор филиалында ай сайын өтетін «Тайқазан» акциясында, көп балалы мұқтаж отбасыларына азық-түлік себеті берілді. Бұл айда азық-түлікке мұқтаж жанұялардың саны 136 болды. Естеріңізге салсақ, аталмыш жоба 2015 жылы басталған. Ай сайын азық-түлік өнімдерін таратын акцияның басты мақсаты – тек көп балалы отбасыларын ғана емес, сонымен бірге толық емес жанұяларды, туған-туысқандарының қарауындағы мүгедек және жетім балалардың да қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Сонымен қатар қор басшылығы, аталмыш отбасылары өкілдеріне рухани азық беру мәселесін де тыс қалдырмайды. Осыған байланысты «Нұр Астана» мешітінің жанындағы оқыту орталығының директоры Бағзат Расулұлы Ақжоловпен кездесті. Ұстаз жиналғандармен қайырымдылық тақырыбында ой өрбіті.

Жаннат Ерденова (көп балалы ана): "Осындай қайырымды іс жасап жатқан "Зекет" қорына алғысымды айтамын. Кеше мен балаларыма белгілі бір себептермен басқа пәтерге көшеміз, азық-түлік қоры бітіп қалды дедім. Бірақ Жаратушы мені балаларыммен түксіз қалдырмайтынына сенімді болдым. Өйткені сол сәтте телефоныма сіздер қоңырау шалып, көмекке азық-түлік алып кетіңіз дедіңіздер. "Зекет" қоры тек осындай материалдық қолдаумен ғана шектелмей, бізге рухани азық беріп те жатыр. Бүгінгі уағызда өте өнегелі өсиеттер тыңдадық, "Зекет" қорының жұмысын Алла оңғарсын".

Бүгін көмекке қол жеткізге жанұялар, біздің басшылық пен орталықтың ұстаздарына алғыстарын айтты. Жүздеріндегі өмір ауыртпашалығы салған мұң мен қайғы - күлкі мен қуанышқа алмасты...

Сонымен қатар көмекке зәру жандарды қолдауға және осындай игі шарға қатысқысы келетіндер болса, қор әкімшілігіне хабарласуларыңызды сұраймыз. Өйткені қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру – кез келген қайырымдылықтың алғашқы міндеті болып табылмақ, сол үшін де біз сіздерді жақсылық жасауға шақырамыз. Егер теңізге тамған тамшыдай болса да көмек көрсеткілеріңіз келсе, қоңырау шалыңыздар! «Жұмыла көтерген – жүк жеңіл» екенін ұмытпаңыздар!

8 (7172) 23 94 33

+ 7 775 622 51 70

 

 

DSC 0005

IMG 1393

DSC 0008

20170221 123324

ҚМДБ «Зекет қоры» Астана қаласы

өкілдігінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: