Қазақстанда жақын арада мұсылманның ортақ киім үлгісі пайда болады. Қыз-келіншектерді дәстүрден озбай, діннің талаптарына сай киінуін діни басқарма өз мойнына алды. Қазақы киімнің басты міндеті қыздарымызды қара жамылғыдан арылтып, ақ жаулық, кең етек көйлекті қайтару. Қауға сақал, қысқа балақпен де күрес күшейеді. Бұдан былай кімдер және қандай түр-сұрпат заңға келте келуі мүмін?
Назарбаев қысқа балақ пен сақал қоюға тыйым салу керектігін айтты (ВИДЕО)
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесу кезінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтты. Елбасы мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІ республикалық имамдар форумының үндеуі жарияланды
«Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен «Ислам және өркениет» атты ІІ Республикалық имамдар форумында «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы мен «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы бекітіліп, Үндеу қабылданды.
Астанада ІІ республикалық имамдар форумы өтті (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған ІІ Республикалық имамдар форумы өтті. Егемен еліміздің түкпір-түкпірінен 500 имам жиналды. Форумға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Дархан Қамзабекұлы бастаған мемлекет және қоғам қайраткерлері мен Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінің бас мүфтилері, Ресейдің Омбы, Алтай аймағының мүфтилері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, дінтанушылар қатысып, игі бастамаға орай оң пікірлерін білдіріп, баяндама жасады.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақша күрестен IVреспубликалық турнирге Астана қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, «Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесіне» мешіт жамағаттары арасында Қазақ күресінен түйе палуандар арасында өтетін республикалық IV турнирге» Астана қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді.
ҚМДБ қолдауымен «Өнер қырандары» театры 15 қалада рухани кеш ұйымдастырады (ФОТО)
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ-ның бастамасымен «Өнер қырандары» театры «Берекелі мереке 3» атты рухани-патриоттық жоба ұйымдастырады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен пресс-конференцияда театр жетекшісі Мадияр Серікбаев мәлімдеді.
Вице-министр мемлекеттік қызметкерлерге намаз оқуға тыйым салуға қатысты жауап берді
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мемлекеттік қызметкерлерге мешітке баруға, намаз оқуға тыйым салынады деген ақпаратқа қатысты өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.
Алматыда Құран жарысы өтеді
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде 15 сәуір сағат 10:00-де қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан конкурс өтеді.
Сауд патшасы Елбасыға Қағба жамылғысын тарту етті
Ақордада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелдік 7 елші сенім горамоталарын тапсырды. Осы орайда Сауд Арабия елшісі Захир бен Мутиш әл-Анези Елбасыға Қасиетті қағбаның жамылғысын тарту етті, деп хабарлайды Baq.kz.
Дін туралы заңнама қатаңдатылады (ВИДЕО)
Дін туралы заңнамалардың қатаңдатылуына қатысты заң жобасы Мәжілістің қарауына жіберуге әзірленіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
ҚМДБ қажылық миссиясы: Қажылықпен айналысуға үміткер фирмаларға жаңа талаптар қойылады
2017 жылдың ақпан айының 21-і мен 28-і аралығында қазақстандық делегация Сауд Арабия Корольдігі (САК) Қажылық министрлігінің шақыртуы бойынша Жидда, Мекке, Мадина қалаларына ресми сапармен барып, осы жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстары бойынша екіжақты кездесулер өткізді.