ДАИШ террористік ұйымына кірген қазақстандықтар азаматтықтан айырылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мир24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Дін істері және азаматтық қоғам министрімен сұхбат (ВИДЕО)
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевпен Астана телеарнасының тілшісі сұхбаттасты.
Қазақстанда екінші ислам банкі пайда болады
Қазақстандық коммерциялық Заман-банк таяу уақытта ислам банкі ретінде қызмет көрсете бастайды. Бұл жайында «РИА Новости»-ге берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығының әдістеме департаментінің басшысы Нұрлан Әбдірахманов хабарлады.
Мемлекет басшысы: Экстремизм мен терроризмнің шекарасы жоқ (ВИДЕО)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-ші кездесуіне келген делегация жетекшілерін қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ғұламалар кеңесі кепілақшаға қатысты пәтуа шығарды
Алматыда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің XVI отырысында сауда-саттықтағы кепілақша мәселесіне пәтуа шығарды.
Бас мүфти діни оқу орындарына оқулықтар әзірлеуді тапсырды (ФОТО)
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ғұламалар кеңесінің XVI мәжілісінде медреселердегі діни білім беру бағдарламаларына сай оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуді тапсырды.
Халифа Алтайдың 100 жылдығына арналған семинар өтті (ФОТО)
Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде түркі әлеміне белгілі теолог-ғалым, ұлт зиялысы Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толуына орай «Ғылым және дін» атты республикалық ғылыми-методологиялық семинар өтті. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Ғұламалар кеңесі: Пәтуалар жинағы кітабының орысша аудармасы жарыққа шықты (ФОТО)
Бүгін Алматыда Ғұламалар кеңесінің ХVI отырысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «Пәтуалар жинағы» кітабының орыс тіліндегі аудармасының тұсаукесер рәсімі өтті.
Бас мүфти: Ғұламалар кеңесі пәрменді институт болып қалыптасты (ФОТО)
Алматыда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Ғұламалар кеңесінің ХVI отырысы басталды.
ҚМДБ: Мешіт ішінде тәртіп сақтау туралы үндеу
Бүгінде қоғамда жат ағым өкілдерінің белсенділігі, олардың құлшылық орындарда бүлік тудыру фактілерінің көбеюі байқалады. Әсіресе, қазақ елі үшін он ғасырдан астам уақыт бойы дәстүрлі жол болып қалыптасқан Ханафи мәзһабын мойындамайтын, көпшілік мұсылмандармен бірге болғысы келмейтін, ұлттық салт-дәстүрмен санаспайтын, елдің ауызбіршілігіне нұқсан келтіретін салафилік-уахабилік ағымының идеологиясы еліміздің тыныштығына қауіп төндіруде.
ҚМДБ: Намазханалардың қайта ашылуына байланысты мәлімдеме
Жуырда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі намазханаларға қойылатын талаптарды қайта қарап, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде (үй-жайларда) орындалатын діни іс-шараларға қатысты нұсқаулықтың жаңа редакциясын әзірледі. Осы нұсқаулықтағы басты жаңалық ретінде үй-жайлардың мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерден 300 метрден кем емес қашықтықта орналасуына қойылған бұрынғы тыйымның күшінің жойылғанын айта кеткен жөн. Өйткені, бұл талап бүгінгі елді-мекендердің орналасу ерекшеліктеріне жауап бере алмайды.