06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Мемлекет басшысы: ДАИШ-қа кіргендер азаматтықтан айырылады

Ел іші
Жарнама

ДАИШ террористік ұйымына кірген қазақстандықтар азаматтықтан айырылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мир24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қазақстан Заңнамасына сәйкес, егер біздің елдің азаматы қандай да бір экстремистік ұйымға кірсе, елге орала алмайды. Ол автоматты түрде азаматтықтан айырылады. Бұл қажетті шара. Қазақстаннан ДАИШ құрамында еліміздің 500-600 азаматы барған. ТМД елдерінен – 5 мыңға тарта азамат кірген. Бұл көп болуы да мүмкін. Бірінші кезекте, адамдардың террористік топтарға қосылуының алдын алу шараларын жүргізу қажет. Біз ДАИШ ұйымында болып, елге оралған азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп көрдік, бірақ нәтиже болмады. Сол себепті олардың елге келуіне жол бермеу туралы шешім қабылдадық» деді Мемлекет басшысы.

Елбасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының аймақтардағы қауіпсіздікті сақтаудағы рөлі және Қазақстандағы үлесі туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Президент Сирия шиеленісін реттеу бойынша Астана процесі туралы баяндады. Ал республика азаматтығынан айыруға қатысты тағы қандай талап-шарттар бар екені туралы Әділет министрлігі әзірге хабарлама жасаған жоқ. Қазақстан азаматтығынан айыру 15 бап бойынша қарастырылған.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: