06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

ҰҚК: терроризмді насихаттайтын қазақша материалдар көбейген

Ел іші
Жарнама

Экстремизм мен терроризмді қазақ тілінде насихаттайтын  материалдар көлемі күрт көбейді. Террористік ұйымдар осындай материалдарды көптеп тарата бастаған. Мұндай мазмұндағы материалдардың саны ғаламторда геометриялық прогрессиямен өсуде. Бұл туралы «Құқық қорғау органдарының экстремизм, радикализм мен терроримзге қарсы әлеуетін күшейту» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық дөңгелек үстелде ҚР ҰҚК антиттеррорлық орталық штабы басшысының орынбасары Сергей Швейкин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Кейбір террористік ұйымдар қазақ тілінде экстремистік мазмұндағы материалдар тарата бастаған. «Қазақ тілінде экстремизм мен терроризм идеясын насихаттайтын жеке материалдардың саны да күрт артқан. Бұл экстремистік топтардың арнайы аудиторияда жұмыс істей бастағандығын көрсетеді. Өткен жылы мұндай деректер бірнеше есеге аз болатын. Олар What’s app, Viber, Twitter және т.б. әлеуметтік желілері арқылы жұмысын жандандыруда» деді штаб басшысының орынбасары.

Сергей Швейкин  елімізде террористік ұйымдармен күресу үшін арнайы бағдарлама қабылдағандығын атап өтті.

«Еліміз экстремизм мен терроризмге қарсы 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылдаған болатын. Қазіргі таңда осыған ұқсас 2017 - 2020 жылдарға арналған құжат дайындалып жатыр. Онда радикалды идеологиялық жұмыстардың ықпалын төмендетуге басымдық беріледі» деп түйіндеді сөзін Сергей Швейкин.

Айта кетейік, халықаралық дөңгелек үстелге Австрия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан өкілдерінің сарапшылары қатысуда.

E-Islam.kz

Бөлісу: