Күні кеше елордалық “Зекет” қоры ұйымдастырған "Алтын алқалы анаға - тосын сый" жобасына қатысқан Салтанат Ханжановаға қайырымды жандар 110 мың теңге қаржылай сый жасады. Бұдан бөлек, дизайнер Ұлжан Абайқызы мен мата дүкенінің [Таха Хусеин к., 4/8] иесі Бибаят Шәмшіқызы сәнді киімдерін табыстады.
Зекет қоры студиясы түсірген роликтер көрсетіліп, зекет парызы жайында насихат айтылды.
Мұсылманның бес парызының бірі ЗЕКЕТ болғандықтан, Зекет – тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат – деп білуіміз қажет. Зекет мұсылмандар арасын біріктіріп, қоғам арасында тепе-теңдікті сақтап, әлеуметтің дамуына көп үлесін қосады.
Келген қонақтар осы шарадан айтарлықтай әсер алып, зекеттің маңыздылығы жайында ой түйді.
Ескерте кетейік, кемінде 1 жыл толған 104 125 теңгеңіз болса, 12 айда 1 рет 2,5 пайызын мұқтажға беру зекет болып табылады. Зекетін берген жанның дүниесінің берекесі артады, шығыннан, бәле-жаладан аулақ болады. Отырыста осы жайттар айттылып, сонымен қатар мүмін ұрпақты көбейтудің сауабы мен салмағына ерекше тоқталып өтті. Қор жетекшісі Калия Қайыпқызы зекетін беретін мұқтаж таппайтын, бай-қуатты мелекетке айналатын күнге жетейік деп тілек білдірді. Қор ұжымы мен мұқтаж отбасылардың атынан атынан алтын уақытын бөліп, тұрақты түрде риясыз қайырымдылық жасап жүрген абзал жандарға алғысымыз шексіз.
АТАЛҒАН ЖОБАҒА АТСАЛЫСАМЫН ДЕСЕҢІЗДЕР,
ХАБАЛАСЫҢЫЗДАР! ЖОБА АЙ САЙЫН ӨТЕДІ. Байланыс телефондары: 8 (7172) 23 94 33; + 7 775 622 51 70.
ҚМДБ Корпоративтік «ЗЕКЕТ» қоры
Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі