Ақорданың баспасөз қызметі осыдан 15 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдер қауымы өкілдерімен кездесу барысында "анаңызға не жазар едіңіз?" деген сауалға жауап берген видеосын фейсбук парақшасында жария етті, деп хабарлайды BAQ.kz.
«Аналар өз балаларынан кез келген әйел сияқты әр уақытта да жылы сөздер күтетін болар. Әсіресе аналар мұны қатты күтетіндей. Қазір уақыт өткеннен кейін, ержеткен соң барлығымызда да аналарымызға уақытымызды аз бөлгеніміз үшін кейістік танытып жатамыз. Жылы сөздерді аз айттық дейміз. «Анашым, мен сені жақсы көремін!», деп аз айттық. Оның қасында ұзақ бола алмағаныма өкінемін. Оның мені қалай өте жақсы көргенін білетінмін. Оның осынау сүйіспеншілігі мені өмірде әлі күнге дейін қолдап келеді. Тіпті, маңызды шешімдер қабылдар кезде де ол түсіме кіреді. Бірден айтайын, мен дәруіш емеспін, ешқандай балгерге де, экстрасенс пен жұлдызшы ға да сенбеймін. Алайда, ол менің түсіме еніп: «Сенімді бол, бәрі де жақсы болады!» дейтін. Қазір ол тірі болғанда мен оған арнаған хатымда өте қатты жақсы көретінімді және оны қадірлейтіндігімді жазар едім», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Дереккөз: Baq.kz