14 наурыз күні Астанада IFN Forum CIS 2017 ислам қаржысы бойынша форум өтеді. Шараны ұйымдастырушылар – Астана халықаралық қаржы орталығымен бірлескен Redmoney group компаниясы.
Шараға БАӘ, Бахрейн, Катар, Малайзия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен қаржы саласындағы өкілдер қатысады.
Форумда Қазақстан Республикасы Экономика министр Тимур Сүлейменов, қала басшысы Әсет Исекешов және Жеке секторды дамыту бойынша халықаралық корпорацияның (Ислам даму банкі тобындағы) атқарушы директоры Халед әл-Абуди баяндама жасайды. Сонымен қатар, қатысушы республикалардың ислам нарығындағы сарапшы мамандары өз ой-пікірлерін ортаға салып, кеңес жүргізеді.
ummet.kz-ақпарат