5 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Карантин кезінде Нұр Астана мешіті ауласында жабайы қоян қоныстанды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Елорданың сол жағалауында орналасқан мешіт маңында ұзынқұлақтың қалай пайда болғаны белгісіз. Кезекші мешіт қызметкерінің айтуынша, мешіт жанындағы бақта карантин басталғаннан кейін байқалған.
Айта кетейік, Қазақстанда қоянның 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) кездеседі. Қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда негізінен ақ қоян кездеседі.